Трибуна

Алматы
C
» » Зиялы қауым Боқаев пен Аянды қолдайды

Зиялы қауым Боқаев пен Аянды қолдайды

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқа
Ашық хат
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!


Атыраулық азаматтар Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты шығарылған сот үкiмi Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйламағандық болып табылады. Жер Кодексiндегi дауға айналған және наразылық туғызған жайттарды атқарушы, заң шығарушы билiк орындары қайта қарады. Сiздiң жарлығыңыз бойынша құрылған комиссия жұмыс iстедi. Бес жылға мораторий жариялауыңыздың нәтижесiнде қақтығысқа бастайтын қатердiң жолы кесiлдi.
Жер – ата-бабамыздың ұрпақтарына қалдырған қасиеттi мұрасы, бай қазынасы. Оны қорғау, көздiң қарашығындай сақтау, тiршiлiктiң тiрегi ету баршаның парызы. Сiз мемлекеттiк шекараны рәсiмдеуге, жерiмiздiң тұтастығын қамтамасыз етуге байланысты атқарған еңбектерiңiздi айта келе, атыраулықтардың бастамасынан кейiн дүр көтерiлуге ниеттi халқыңыздың серпiлiсiн орынды бағаладыңыз. “Егер жерге дәл осылай көңiл бөлiнетiн болса, бұл бiздiң халқымыз өз жерiн қасық қаны қалғанша қорғайтынын көрсетедi” дедiңiз.
Макс пен Талғат сот арқылы жазаға тартылса да өз әрекеттерiнiң заң бұзушылыққа жатпайтынына сенiмдi. Жердi талан-таражға түсiру, шетелдiктердiң қолына беру қаупiн сезiнгендiктен митингiге қатысқандарын, Конституциялық құқығын пайдаланғанын сотта ашық мәлiмдедi. Бұл – халық бiлiп отырған ақиқат. Мұндай ниеттегi, тiлектегi, пiкiрдегi азаматтарды жау санаудың қажетi қанша. Олар елiмiзде миллиондап саналады. Бiзде солардың қатарындамыз. Өз жерiн қасықтай қаны қалғанша қорғауға дайын азаматтарымызды қисынсыз, қолдан құрастырылған айыптаумен түрмеге тоғыта берсек, елiмiз бен жерiмiздi қорғауға кiм шығады, егер алмағайып сын сәтi туса?!
Азаматтардың митингiге қатысу құқығын шектеу, тыйым салу, сол үшiн жазалау өркениеттiлiкке жатпайды. Елдiң тыныштығын, адамдардың қауiпсiздiгiн сақтау мақсатын бетке ұстап, Ата заңда көрсетiлген бостандықтар мен еркiндiктердi елемеудiң соңы жақсылыққа апармайды. Жұртшылықтың қандайда бiр мәселеде келiспеушiлiгiн, наразылығын тыңдап, оны ортаға салуына мүмкiндiк жасау және дұрыс шешiм қабылдау – мемлекеттiң мiндетi. Өз халқынан қорқып, оны тұқыртып ұстауға әуестердiң аяғы аспаннан келiп жатқанын басқа елдердiң мысалынан көрiп жүрмiз. Бiз Қазақстанда тұрақтылықтың, тыныштықтың болғанын қалаймыз. Билiк пен халықтың өзара түсiнiстiгi мен сыйластығы арқылы соған жете аламыз.
Атыраудағы сот пен оның үкiмi қазақстандық қоғамда ғана емес, шетелде де түсiнбестiк туғызды. Еуроодақ делегациясы, АҚШ елшiлiгi, Amnesty International, Human Rights Watch, Норвегиялық Хельсинки Комитетi секiлдi беделдi ұйымдар наразылық бiлдiрдi. Әлемдiк қауымдастықтың осындай жағымсыз бағасы халықаралық аренадағы елiмiздiң беделiне сөзсiз керi әсер етедi.
Жердi қорғау үшiн митинг өткiзудi ұйымдастырушылар төңкерiс жасауды мақсат тұтқан жоқ. Төлешовтiң сандырағын бұл араға қыстырып, оқиғаны ушықтырушылардың көздегенi не? Ондай “жанашырлар” мемлекеттiң, оның басшысы Сiздiң, тұтастай елдiң абыройын ойламағаны көрiнiп-ақ тұр. Алдағы уақыттарда өтуi ықтимал митингiлердi осындай “алдын алу” шаралары арқылы болдырмай тастаймыз, халықты үрейде ұстау қажет дейтiн кеңесшiлердiң 37-шi жылғы тәсiлдерге бой алдырғаны қалай? Бұрын “халық жауы” айыбы тағылса, бүгiнде “ұлтаралық, әлеуметтiк алауыздықты қоздырушы” дейтiн жалаң жапсырма үдеп барады.
Наразылық шерулерiнсiз тыныш өмiр сүремiз десек, ең алдымен елiмiзде әдiлеттiлiк, халық пiкiрiмен санасу, халыққа есеп беру, адал қызмет ету, ұлттық мүдденi қорғау керек.
Бiз Сiзден М.Боқаев пен Т.Аяновтың жағдайына көңiл бөлiп, құзыреттi органдардың жiберген қателiктерiн түзеттiрудi, екi азаматты жақын арада бостандыққа шығартуды сұраймыз. 1986 жылғы желтоқсанда алаңға барғаны үшiн айыпталған, құрбан болған күрескерлерге Халық қаhарманы атағын берiп, әдiлеттiң орнығуына тiкелей ықпал еткен Сiздiң парасатты шешiм қабылдайтыныңызға үмiт артамыз.

Қабдеш Жұмадiлов, халық жазушысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi;


Серiкболсын Әбдiлдин, мемлекет және қоғам қайраткерi;


Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, жазушы;


Ғаббас Қабышұлы, жазушы;


Мұхтар Шаханов, жазушы, “Түркi тiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны” атағының иегерi;


Софы Сматаев, жазушы;


Темiрхан Медетбек, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, ақын;


Әмiржан Қосанов, саясаткер;


Зәуреш Батталова, “Қазақстандағы парламентаризмдi дамыту қоры” қоғамдық қорының президентi, саясаткер;


Рысбек Сәрсенбай, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы;


Ермұрат Бапи, “Дат” газетiнiң бас оқырманы;


Жарылқап Қалыбай, “Аңыз адам” – “Жұлдыздар отбасы” журналының бас редакторы;


Жанболат Мамай, “Трибуна” газетiнiң бас редакторы;


Айдос Сарым, саясаттанушы;


Расул Жұмалы, саясаттанушы;


Мұхтар Тайжан, экономист, қоғам қайраткерi;


Талғат Айтбай, жазушы, публицист;


Рақым Айыпұлы, “Жебеу” РҚБ-ның бас хатшысы;


Құрманғазы Рахметов, «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қоры президентi, желтоқсаншы;


Ерлан Қалиев, құқық қорғаушы;


Ғалым Агелеуов, қоғамдық белсендi және тағы басқалар.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

комментария

Venceremos 28 декабря 2016 22:15
  • Не нравится
  • +7
  • Нравится
Макса и Талгата закрыли не за землю, а за то что впервые смогли поднять и объединить казахов., за то что преодолели страх.Маразматик до ужаса боится единого СМЕЛОГО народа.Ему нужен трусливый, молчащий народ.El pueblo unido jamas sera vencido!
Камила 5 января 2017 10:50
  • Не нравится
  • +2
  • Нравится
Төлешовтың сандырағына ешкім де сенген жоқ, халық сонша ақымақ емес қой
Jesus 6 января 2017 21:34
  • Не нравится
  • +1
  • Нравится
Бул ашық хатты толық қолдаймыз! Билік өзін өзі қорғау сезімін жоғалтпаса, осы хатта айтылғанды орындау керек! Ал байғұс Төлешовті билік әдейі айтқызып отыр ғой, кезінде 37 жылдары НКВДдағы сұмдар ұқсап.
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *

Подписаться на комментарии

Введите два слова, показанных на изображении: